Бес метр тереңдікте. Шыңырауға құлаған автобустың нақты орны анықталды

2975
Adyrna.kz Telegram
Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысы ТЖД

"Майқайыңалтын" кен байыту комбинатына қарасты шұңқырға түсіп кеткен автобус анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Автобустың батып кеткен жерін Балқаштан жеткізілген құрылғы арқылы анықтаған. Ол еліміздегі жалғыз құрылғы - американдық өнеркәсіптік радиолокация.

Мамандардың мәліметінше, автобус шамамен 5 метр тереңдікте жатыр. Аталған құрылғы жоғары жиілікті импульстарды сканерлеуге және топырақ профилінің суреттерін алуға мүмкіндік берген

Қазір автобусты қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал іздестіру жұмыстары екі ауысыммен тоқтаусыз жалғасып жатыр.

Еске салайық, шыңырауға түсіп кеткен автобус, оның жүргізушісі және бір құтқарушы әлі табылған жоқ.

Пікірлер