Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге қарбалас уақытта және демалыс күндері автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын сауатты туралау — бөлек мәселе. Осыған байланысты мен үкімет пен әкімдерге қарбалас уақытта және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын», деді Президент Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері кеңесінде.Ол мұндай тәжірибе Мәскеуде, Стамбулда және Парижде кең таралғанын атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Kazakh country collected 150 tons of humanitarian aid to Turkey, which suffered from an earthquake