Мамырда вирусты тәулігіне 4 мың адам жұқтырады - Цой

9011
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалдың сценарийлерін қайта қарады. Министр Алексей Цой министрлік ұсынған «шынайы» және «жағымды» болжам туралы айтты.

«Жағымды болжам бойынша, вакцинация кесте бойынша жүрсе, сәуір аяғында тәулігіне 3 мың адам вирус жұқтырады. Ал «шынайы» болжам бойынша, вакцинация кестеге сай жүрсе, вирус жұқтыратындар тәулігіне 4 мың адамға жетеді, жұқтырудың шарықтау шегі мамыр айының ортасына келеді», – деді ол.

Министр бұл жолы «жағымсыз» сценарий туралы сөз қозғамады. Бірақ Цой алғашқы кезеңде вакцинация әсері бірден білінбейтінін айтып өтті. Өйткені иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек екен. Келесі кезеңдерде вакцинация эпидемиологиялық ахуалға әсер ететін көрінеді. Алайда Алексей Цой оның нақты мерзімін ашып айтпады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер