Путин мен Әлиев арасында телефон арқылы сөйлесу жоспарланбағаны айтылды

1399
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/whUASvxiv1VpJGwht6MSSSRLiGg2OiX6zwkVFuF5.jpg

Күн тәртібінде Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевтің телефон арқылы сөйлесуі тұрған жоқ. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Десе де, сөйлесу қажет болған жағдайда ол өте қысқа уақыт аралығында ұйымдастырылатын болады», – деді ол.

Песков Екатеринбургтегі болған оқиғаға пікір білдіре отырып, Мәскеудің Бакумен жылы қатынастарды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Әзербайжанда Ресейдің мәдени шараларын өткізуге шектеу қойылғаны туралы жазған едік.

Пікірлер