Зейнеткер жасындағы президент туған күнін қалай өткізбек?

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PJ3Mr7YhccbtrZyylT3sKubvd5WMOKWyn0kszfO6.jpg

Бүгін, 7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 74 жасқа толды. Алайда мемлекет басшысы туған күнін атап өтпейді. Бұл туралы мемлекет басшысының көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сөзінше, президенттің бұл күнгі жұмыс кестесіне бірқатар іскерлік кездесу мен шаралар енгізілген.

«Бұл келіссөздер туралы ақпарат сайтта жедел түрде жарияланып отырады», — деді Ушаков.

Ал 8–9 қазанда Путин ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сапар аясында Каспий экологиялық саммитін өткізу жоспарланған.

Саммиттің негізгі тақырыптарының бірі — Каспий теңізінің тартылуы мәселесі. Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық декларация қабылданады деп күтілуде.

Каспий экологиялық саммиті барысында Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Түркіменстан президенттері Каспий маңы елдерінің табиғатты қорғау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылайды. Атап айтқанда, Каспий теңізінің тартылуының алдын алу және оның биологиялық ресурстарын сақтау шаралары қарастырылады.

Айта кету керек, Ресейде ерлердің зейнеткерлік жасын 60-тан 65-ке дейін арттыру көзделуде.

Еске салайық, биыл 17 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толған еді. Ол бұл күнді дәстүр бойынша жұмыс орнында қарсы алды.

 

Пікірлер