Дәрігерлерге "құрылыс костюмін" сатып алған: маман Бекшинді кінәлады

3464
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова "сапасыз" қорғаныш құралдарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.

Әсел Қалықова Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан сөздер "құрғақ сөз және негізсіз" екенін айтады. Ол мұның бірнеше себебін түсіндірді.

"Біріншіден, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу бірнеше жылдан бері электронды портал арқылы жүзеге асырылып келеді, сондықтан тікелей қолтаңбасы мен мөрі бар ешқандай құжат болуы мүмкін емес.

Екіншіден, жеке қорғаныш құралдарына қатысты мемлекеттік сатып алу қолданыстағы заңнама аясында өтті. Сонымен қатар, жеткізушілер жеткізген тауарларды қабылдауға мен қатысқан жоқпын, ол үшін функционалдық міндеттеріне кіретін лауазымды тұлғалар анықталды.

Одан бөлек, тауарды жеткізу кезінде өнім берушілер осы саладағы монополист саналатын "дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК берген сапа сәйкестігінің сертификаттары мен тіркеу куәліктерін берді, бұл "ҚАЗЭКСПОАУДИТ" ЖШС немесе өзге де зертханалардың медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын жеке қорғаныш құралға сараптама жүргізуге құқығы жоқ дегенді білдіреді", - деді Қалықова.

Сондай-ақ, Қалықова мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған жеткізушілермен келіссөздерді Жандарбек Бекшиннің өзі жүргізгенін және өзі жеке қорғаныш құралдары жинағының бірнеше түрінен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қойылған жиынтықты өзі таңдағанын айтты.

"Одан бөлек, ҚР ҚН сәйкес 1.03-05-2011 "Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы","Жеке қорғаныш құрылыс құралдары" түсінігі қарастырылмаған, тек "арнайы киім" түсінігі бар.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин сілтеп отырған "ҚАЗЭКСПОАУДИТ" ЖШС маманының қорытындысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қойылған сапасыздық дерегінің негізі немесе растауы бола алмайды, себебі бұл қорытындыда медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты жеке қорғаныш құралы қолданылмайтын нормативтік-құқықтық актілер қолданылған. "ҚАЗЭКСПОАУДИТ" ЖШС шығу көзі белгісіз жеке қорғаныш құралына қатысты зерттеулер жүргізгеніне ерекше назар аударғым келеді, өтініш беруші Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алған ЖҚҚ-ның ешқандай қатысы жоқ химиялық әсерлерден тергеу изоляторларына сараптама жүргізуді сұраған жеке тұлға болды", - деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, Бекшин сапасыз жеке қорғаныш құралын қойған жеткізушілерге қатысты сот органдарына бірнеше талап арыз берген. Ол "заңды күшіне енген сот шешімдерімен Бекшиннің талаптарын қанағаттандырудан толық бас тартылғанын" атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін эпидемиологтарға сатып алынған жеті мыңға жуық жеке қорғаныш құралы Алматыдағы қоймада жатқаны хабарланған болатын.

Мониторинг тобы 7 028 бір реттік жеке қорғаныш құралы қоймада жатқанын анықтаған. Бекшиннің сөзінше, бұл құралдардың сапасы нашар.

"Бұл шаңнан, кірден, бояудан сақтауға арналған қорғаныс құралдары, яғни, ол құрылысқа арналған. Олар бәрін өткізеді. Онда тесіктер бар, оларға үрлеп, су құйып көріңіз. Олар вирус өтуіне жол бермеуі керек. Бұл құрылысшыларға арналған қорғаныс. Оларды пайдалану қауіпті. Мен материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жібердім, сараптама жасалды", - деген еді Бекшин тікелей эфирде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер