Тоқаевтың сынынан кейін тағы бірнеше шенеунік қызметінен айырылды

3756
Adyrna.kz Telegram

Автокөлік жолдары комитетінің басшысы мен бірнеше әкім орынбасарлары Президенттің жол жамылғысының жай-күйі туралы айтқан сөздерінен кейін қызметінен айырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.

Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатыр», деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар, Ұлан Әліпов Елбасын сынағаннан кейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен айырылды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер