Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жұмысы аясында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша департаментімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде прокуратура қызметкерін ұстады. Ол қомақты пара алды деп күдіктелуде.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Департамент іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын нақтылады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмегені атап өтілді.
"Адырна" ұлттық порталы