Африкада 34 мутациясы бар COVID штаммы табылды

3462
Adyrna.kz Telegram

34 мутациясы бар коронавирустың жаңа нұсқасы Ангола әуежайындағы туристерден табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сарапшылар SARS-CoV-2 нұсқасындағы мутациялы вирустың көптеген өзгерістермен бірге инфекциялық болуы немесе дененің иммундық қорғанысын басуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Известия атап өткендей, вирустық мутацияның британдық және оңтүстік африкалық нұсқалары туралы ақпарат кеңінен тарауда. Бұл коронавирустың жаңа нұсқасы уақытша A.VOI.V2 деп аталды.

Осы мутациялардың барлығы коронавирустың антиденелерге төзімділігін арттырып, оның жұқпалығын көбейтеді дейді жаңа штаммды ашқан дәрігерлер.

Қазан Федералды Университетінің Фундаментальды медицина және биология институтының дәлдік және регенеративті медицина ғылыми-клиникалық орталығының директоры - Альберт Ризванов, коронавирустық мутациялар санының көбеюі таңқаларлық емес деп санайды.

Уақыт өткен сайын, вирустың бейімделу қабілеті қаншалықты көп болса, соғұрлым мутация жинақталады. Оның айтуынша, бұл вирус эволюциясының келесі кезеңі. Иммануил Кант атындағы Балтық Федералды Университетінің профессоры Андреа Продестің айтуынша, қазір мұнда 1,5 мыңнан астам адамнан осы штаммды вирус анықталған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер