Шекарашылар — "Алматы апортының" көшетін отырғызды

3325
Adyrna.kz Telegram

Үстіміздегі жылдың оныншы сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара академиясының ауласына шекарашы курсанттардың қатысуымен  елімізге әйгілі “Алматы апорты” ағашының 200 көшеті отырғызылды.

  • Аталмыш шара, ел Тәуелсіздігінің 30 және Академияның 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Айта кету керек,  Шекаралық бақылау кафедрасының ұжымы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Академия аумағына көгалдандыру  жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізде болса,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі практикалық шараларды іске асыруға кірісуді тапсырған. Сонымен қатар, Президен ұлттық парктер мен елдің басқа да табиғи байлығын заңнамалық және нормативтік тұрғыдан қорғау қажеттігін атап өткен болатын.

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы

Пікірлер