Юрий Гагариннің өлімнен аман қалған сәтін қызы Елена баяндады

7712
Adyrna.kz Telegram

Юрий Гагарин аң аулау кезінде сілеусіннің құрығына тап болған. Бұл ақпаратты ұлы ғарышкердің үлкен қызы, "Московский Кремль" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас директоры Елена Гагарина айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

"Бір жылдары әкем аң аулау кезінде бір өлімнен аман қалды. Оқыс жағдай орын алды. Алайда, әкем сезімтал, сақ адам. Осы қасиетінің арқасында да сілеусіннен құтылып шықты. Дер кезінде сілеусінді атып үлгерді", – деді ғарышкердің қызы телеарнадағы "Росиия 1" арнасының "Вести Недели" бағдарламасына берген сұхбатында.

Қызы әкесінің көзі сондай қырағы, өткір болғанын да атап өтті.

"Орман кезіп, аң аулағанды қатты ұнатты. Кейде құр қол келген кездері де болды ", – дейді Елена Гагарина.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер