Араб Әмірліктерінің даму жолы

4037
Adyrna.kz Telegram
1971-інші жылы Араб Әмірліктері тәуелсіздік алғанда мемлекетте асфальт жол болмапты. Ең алғашқы автомагистраль 1972-інші жылы салыныпты. Айтулары бойынша Әмірлік ең алғашқы жылдары тәуелсіздік алғанда шейх Заид ибн Сұлтан ағылшын компанияларын шақырып алып олармен жасаған келісім шарттардың ұнамайтынын айтыпты. Ол келісімдерге қарай мұнайдан түсетін табыстың 90%-ағылшындарға, 10%-ы ғана арабтарға қалады екен. Шейх ағылшындардан бас тартып жаңадан американдық компаниялармен келісім жасапты. Нәтижесінде 1970-інші жылдары эмирлерге мұнай сатудан 160 миллион фунт стерлинг қалса 1979-ыншы жылдары 7 миллиард доллардан көп ақша қалатын болыпты. 1974-інші жылы мемлекет елдегі мұнай саласындағы компанияларды сатып ала бастайды. Нәтижесінде қазір мұнай мен газ сатудан түсетін табыстың 92%-ы Араб Әмірліктеріне тиесілі.
Құрылыс саласына келетін шетелдік фирма 51% акциясыны жергілікті арабқа тіркеу керек. Құрылыс салынатын жер тек жергілікті арабқа тиесілі болу керек не болмаса Араб Әмірлігі мемлекетіне. 1970-інші жылдар ЖІӨ 1.1 миллиар доллар болса 2018-інші жылы 400 миллиард доллардан асып кетті.
Қазір Араб Әмірліктерінде 9 миллионнан астам адам тұрса оның 85%-ы шетелдік жұмысшылар. Әмірліктің азаматтығын алу мүмкін еместей қылып қойған. Қыздары шетелдікке тисе азаматтықтан шығарылады. Кедей болғылары келсе де бола алмайды. Себебі мемлекеттен әр жанұяға айына ақша беріледі екен. Үйленсе 20 000 доллар жағдайы жоқ болса уй соғуға жер тегін беріледі.
Арабтардай потенциалы бар Венесуэла неге аш та Араб Әмірлігі қалай байып кетті деп ойлауымыз мүмкін. 1) Сәтті экономикалық реформалар. 2) Қазба байлыққа мемлекеттің иелік етуі. 3) Экономиканы әртараптандыру. Тек туризмнен мемлекет жылына 20 миллиард доллар пайда табады. 4) Бір халық бір жанұя. Әрбір арабты шейхтар өз жанұясындай көреді. 5) Бағаны мемлекет өз бақылауында ұстайды. Антимонопольный комитеттің бастығы парамен ұсталды деген әңгіме жоқ. 6) Жеке бизнесті мемлекеттің қолдауы. 7) Кез келген иммидждік жоба пайда алып келу керек. 8. Дубайдан қаржы орталығын жасай алды.
Сабит Рысбаев
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер