Геннадий Головкин алғаш рет балаларын көрсетті

4028
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бүгін туған күні. Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 39 жасқа толып жатыр. Туған күніне орай желіде жазба жариялаған спортшы жұрт көзінен таса ұстайтын балаларын алғаш көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Боксшы өзінің Twitter-де балаларымен бірге түскен суретін жариялады. Жазбада:

"Мен өзімді бақытты сезінемін. Ең асылдарым осы жерде және қазір менімен бірге. Туған күніммен", - деп жазды Головкин.

Геннадий Головкин әйелі Алинамен бірге үш баланы тәрбиелеп отыр. Олардың 12 жасар Вадим (2009 жылы сәуірде туған) есімді ұлы, 2017 жылы қыркүйекте туған қызы және 2019 жылы қаңтарда өмірге келген тағы бір ұлы бар. Ерлі-зайыпты осы уақытқа дейін екі кішкентайының есімін еш жерде айтпаған.

GGG-дің отбасы Лос-Анджелес маңында (Калифорния штаты, АҚШ) тұрады. Спортшы сол жерде жаттығады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер