Елордалық азамат би билеуден бас тартқан бейтаныс әйелді ұрып, тісін сындырып тастады

3109
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда алты жылдай бұрын ер адам би билеуден бас тартқаны үшін бейтаныс әйелді ұрып, алдыңғы тістерін сындырып тастаған. Осы уақыт ішінде азамат іздеуде болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Мән-жайдың анықталуы бойынша ер адам елордалық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып, қашып кеткенін мойындады.

Ішімдік ішкен ер адам кафеде екі әйелге қырындап, онымен билеуге көндіре бастаған. Азамат би билеуден бас тартқан әйелге ренжіп, оның бетінен жұдырықпен ұрып, алдыңғы екі тісін сындырып тастаған.

Жазалануым мүмкін деп қорыққан ол асығыс күйде оқиға орнынан кетіп қалған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер