"Перзенттерін пұлға сатқан ана". Оралда 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды

3017
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында 3 жасар қызын 1 млн теңгеге "сатты" делінген Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды, деп хабарлады  "Адырна" ұлттық порталы astanatv.kz-ке  сілтеме көрсетіп. Әйелдің бұған дейінгі перзентін де саудаға салып, оң-cолын танып білмеген шағында сатып жібергені айтылады. 

Орал қаласында өз баласын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

- Жас әйелдің 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы бір отбасыға заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан.

Бұл фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғалды», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер