9 сәуірден бастап жаяу жүруге тыйым салынбақ

2064
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қолданыстағы қаулысына жаңа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды “Айқын” басылымы. 

Енді өзгерген қаулыға сәйкес, 9 сәуірден бастап тұрғындардың жүріп-тұруына 00.00-ден 06.00-ге дейін шектеу енгізілген.

Қаулыда бұл тыйымның дәрігерлер мен құтқарушылар, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысы жоқ.

«Бұған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметтердің қызметкерлері, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандары өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлер жатпайды» делінген қаулыда.

Шұғыл медициналық мекеме, дәріханаға жеке автокөлікпен баратындар, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер 109 телефонына хабарласуы немесе сайтта тіркелуі қажет

Пікірлер