Талдықорғанда бір мезетте 100 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

4214
Adyrna.kz Telegram
A symbol of health and the globe on the virtual screen.
A symbol of health and the globe on the virtual screen.

Енді Еркін ауылдық округінің халқы сапалы ем қабылдау үшін қала орталығына сабылмайтын болды. Ғимаратты салуға жергілікті бюджеттен 378 млн теңге жұмсалған.

Жергілікті тұрғындар емдеу мекемесінің қажеттігі туралы Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың былтырғы есеп беру жиынында айтқан еді. Соған сәйкес құрылыс жұмыстары қолға алынып, бір жылда ескі ғимараттың орнына жаңасы тұрғызылды. Ел игілігіне берілген мекемеде  алғаш рет екпе егіле бастады.

Бұрыңғы амбулатория 1954 жылы салыныпты. Аумағы 400 шаршы метр болатын. Ал, қазіргісі одан үш есеге үлкен. Заманауи техникамен жабдықталған мекемеде 42 маман жұмыс істейді.

Мекемеде балаларды дамыту, массаж, физиотерапия, стоматология  сынды бірнеше бөлім жаңадан ашылды. Арнайы ультра дыбыстық зерттеу құрылығысы қойылып отыр. Жүкті әйелдер үшін де жағдай жасалған.

Жалпы өңірде өткен жылы 8 дәрігерлік амбулатория және 1 медциналық пункт өз жұмысын бастаған. Енді «Жұмыспен қамту – жол картасы» бағдарламасы аясында алдағы уақытта тағы Жамбыл, Қарасай аудандарында екі дәрігерлік амбулатория ашылады,  сонымен қатар шалғай ауылдарда жиырма модульды медициналық пункт пайдалануға берілмек.

 

 

 

 

Пікірлер