Яссауи сериалы Қазақстанда көрсетіледі

13791
Adyrna.kz Telegram

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербашпен кездесуде министр А.Балаева Түркия университеттерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен қазақстандық теологтарды даярлаудағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен нығайтуға мүдделілік білдірді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.

Жұмыс сапары барысында әсіресе Түркияның теледидар нарығының жетекшілерімен өткізген кездесулерге ерекше мән берілді. Атап айтқанда, "TRT" мемлекеттік теле-радиокомпаниясының басшысы Ибрахим Еренмен, Түркияның "Anadolu" ақпараттық агенттігінің басшылығымен және Стамбулдағы телесериалдар түсіру алаңының директоры Яхъей Таип Айденизбен кездесулер өтті. Министрлік бірлескен контент құру, оның ішінде ортақ түркі мәдениеті мен тарихын танымал ету мәселелері бойынша телевизиялық өнімдердің түрік өндірушілерімен ынтымақтастығының көлемі мен сапасын арттыруға дайын.

Айта кетеу керек, "Qazaqstan" РТРК мен Түркияның "TRT" мемлекеттік теле-радиокомпаниясы арасында "Қорқыт ата" бірлескен телевизиялық жобасын құру туралы келіссөздерді бастау туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Түрік тарапы түсірген Қожа Ахмет Яссауи туралы телехикаяның көрсетілімі Қазақстан көрермендеріне де таяу арада көрсетілетіні белгілі болды.

Телевизиялық мамандардың тәжірибе алмасуы аясында Аида Балаева Түркияның жетекші мамандарын қазақстандық әріптестерін оқытуға және үйретуге шақырды. Ол бұл бағыттағы жұмысты пандемия кезіндегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін офлайн-форматта ұйымдастыруға болатындығын атап өтті. Министр Түркияның медиа саласы мен шығармашылық топтарының өкілдерін осы жылы іске қосылған "Turkistan" телеарнасының жобаларына қатысуға шақырды.

Министр Аида Балаева Түркия Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі Бас басқармасының басшысы Фахреттин Алтунға шақырту үшін алғыс айтып, оны ҚР "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапаттады. Ол Қазақстан мен Түркияны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отырған достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

ҚР АҚДМ басшысы өзі басқаратын ведомствоның жетекшілік ететін салалары бойынша әріптестікті одан әрі дамытуға дайындығын жеткізді.

Пікірлер