Ресейдің әскери барлау жүйесі "көзсіз" қалды

4073
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің әскери барлау спутнигі орбитада жанып кетті. «Космос-2525» спутнигінің атмосферада жанып кеткені жайлы Солтүстік Американың әуе-ғарыш қорғаныс басқармасы хабарлады.  

Ақпаратқа сәйкес спутник 1-сәуірден бастап хабар таратуды тоқтатқан. Оның Тынық мұхиты маңындағы атмосферада жанып кеткені анықталды.

The Space Review журналына жазған сарапшы Барт Хендрикстың зерттеуіне қарап, спутниктің "Разбег" барлаушы спутнигі негізінде жасалып, Ресей әскерилерінің барлауына қолданылғанын түсінуге болады.  Спутник Плесецк ғарыш айлағынан  2018 жылдың мамыр айында «Союз-2.1в» зымыраны арқылы ұшырылған. Оның құны қанша екені белгісіз, алайда бірнеше жүз мың доллардан бастап, миллиондаған долларға дейін жетуі мүмкін дейді сарапшы.

Спутник жүйесі Ресейді әскери барлауының негізгі бөлігінің бірі болған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер