Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханасының бас дәрігер қызметіне Бердіходжаев Мыңжылқы тағайындалды. Мыңжылқы Сайлауұлы еліміздегі нейрохирругия саласын дамытып, әлемді мойындатқан білікті дәрігер. Бердіходжаев Мыңжылкы 1998 жылы Қарағанды қаласындағы медицина академиясында білім алған. 2006 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасымен Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түскен.
Дәрігерлік еңбек жолын Астана қаласындағы Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып бастады. 2014 жылы ҚР президенті іс басқармасының медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасында интервенциялық кардиология бөлімшесінде интервенциялық нейрорадиолог болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Алматы қаласындағы №7 ауруханада нейрохирругия бөлімін басқарған. 2016 жылы Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасында эндоваскулярлық нейрохирургия орталығының басшысы болып қызмет атқарған. Ал 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қазірге дейін «Кazneuro тамырлы және интервенциялық нейрохирургия және неврология дәрігерлерінің қоғамы» бірлестігінің жетекшісі болған.
Алтын қолды хирург бүгінге дейін 5000-нан аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық отасын жасаған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖