Шымкенттік өрт сөндіруші анимациялық мульфильм шығаруда

5117
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Олардың ішінде балалардың балалығымен өрттің шығуы жиі орын алып жатады. Сондықтан балаға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта өрт қауіпсіздігі жайында және жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелерін үйреткен жөн.

Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін Шымкент қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы Е.Тасқараев балаларға арнап анимациялық мультфильм шығаруды қолға алды. Жоба авторы Еркебұлан Тасқараев «Бебеу» деп аталатын туындыны Азаматтық қорғаныс саласының 25 жылдығына арнап отыр.

Анимациялық туындыда өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі көрініс тапқан. Мысалы, «Бебеу» де әкесі сияқты өрт сөндіруші болғысы келіп, бір күні әкесінің жұмысына барады. Бірақ әкесі оның әлі жас екенін айтып, үйіне қайтарады. Қайтар жолда Бебеу түрлі оқиғаларға тап болған адамдарға көмектеседі. Осы арқылы біз өрт сөндірушілердің қызметін көрсеткіміз келді дейді Еркебұлан.

Еркебұлан Тасқараев Төтенше жағдайлар қызметі саласында 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның бүлдіршіндерге арнап жазған әңгімесі әуелі комикс кітапша ретінде жарық көрді. Кейін тақырып ауқымы кеңейіп, өзекті жобаға айналып отыр. Ол өткен жылы анимациялық студиядағы мамандармен бірлесіп, туындының трейлерін шығарды. Трейллер ретінде танылған «Бебеудің» толықметражды мультфильм болатын күні де алыс емес. Автор қызмет барысында ерлікпен қаза болған әріптестерінің өмірін көрсету үшін жобаны келешекте сериалға айналдыруды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер