София Берульцаева - ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы

4665
Adyrna.kz Telegram

Ел атын әлемде асқақтатып жүрген 21 жастағы Софья Берульцева бүгінде Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Каратэ-домен айналысқанына биыл 14 жыл толды.

Шымкенттік спортшы өзінің жетістіктерін жаттықтырушыларының еңбегі деп біледі.

«Алты жасымнан бастап күреске қатыстым. Оқыған мектебімдегі спорт үйірмесіне барып жүрдім. Спорттың осы каратэ-до саласы өзіме өте қызық болды. Сондықтан үздіксіз дайындалып, жеңіске жетіп келемін. Жеңістерімнің барлығы жаттықтырушыларымның еңбегі дер едім. Алғашқы жаттықтырушым Б.Алыков болды. Қазір Алексей Репинпен жаттығып жүрмін. Білікті маман Нұрмахан Мелдеханов та ұстаздық жасаған» - дейді нәзік каратист.

Софья Берульцева каратэден өткен жастар арасындағы Әлем, Азия чемпионаттарының 1-орын иегері. Испания, Қытай, Түркия елдерінде өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Ал Австрия, Түркия жерінде болған Премьер-Лигалардан 3-орынды жеңіп алған.

Алдағы басты мақсаты Олимпиада ойындарына лицензия алу. Олимпиадалық рейтингте жоғары орынға жету үшін әлі де бар күшімді жұмсаймын дейді ол.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер