Анасы мен қызы қалта ұрлығымен айналысқан

2630
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында қалта ұрлығымен айналысып жүрген анасы мен қызы ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының ПБ кезекші бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматшалардың айтуынша, күндіз Мақтаарал ауданы Атакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан базар аумағында қалта ұрыларына тап болған. Олардың бірінің ішінде 200 мың теңгесі мен банк карточкалары салынған әмиянын, енді бірінің ішінде 10 000 теңге ақшасы бар әмиянын белгісіз біреулер қолды еткен.

Тәртіп сақшылары бұл жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Аудан полицейлері қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Айналаны бақылап, бейнекамераларды жіті тексерді. Нәтижесінде күдік тудырған екі әйелді байқаған.

Күдікті әйелдер анасы мен қызы болып шықты. Тексеру барысында олардың Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды. Қазіргі таңда өз кінәларын толық мойындаған қалта ұрыларына қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдіктілердің алдын ала сөз байласып, оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осылайша екеуі адам көп шоғырланатын аймақтарды бір шолып шығып, базар маңында адамдардың ығы-жығы болып жатқанын көріп, жәбірленушілердің сөмкелерінен білдіртпестен әмияндарын алып кеткен. Олар қылмыстық жолмен табылған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер