Батыс Қазақстан облысында 14 жастан асқан мектеп оқушылары жазғы демалыс кезінде ай сайын 42 500 теңге ала алады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бастама "Менің аулам – менің бақшам" жобасы аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.
«Аймақтағы 12 ауданның 70-ке жуық мектебі жобаға қолдау білдірді. Мектеп оқушылары ата-анасы келісім берген жағдайда ғана жаз бойы бау-бақшада еңбектене алады. Оларға айына 42500 теңге төленеді», - деді ол.
Айта кетейік, жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әзірленді.
«Адырна» ұлттық порталы