Бекшин қатаң карантин мерзімін ұзартты

3847
Adyrna.kz Telegram

Жандарбек Бекшин «2021 жылдың 21 - 28 наурызы аралығында Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі ic-шараларды күшейту туралы» қаулыға толықтырулар мен өзгертулер енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, қатаң карантин 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

«-Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшеді;

- Ата-аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілді;

- Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс;

- Қасиетті "Рамазан" айы кезінде бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды»,-делінген құжатта.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер