"Коронавирус пандемиясы адамзатты бұрынсоңды болмаған экономикалық шығындарға ұшыратуда. Денсаулық сақтау саласы сынға түскен уақытта, өзге де рухани және материалдық көрсеткіштер сыналып жатыр" делінеді БҰҰ арнайы баяндамасында.
"Егер адамзат мұндай апатты алдын-ала болжай алған сәтте, мүмкін дәл осындай қиындыққа тап болмас едік", – деді БҰҰ өкілі Хелен Кларк. Сарапшы пандемия "нағыз апат" екенін атап өтті.
"Халықаралық қауымдастық пандемияға дайын еместігін көрсетіп, түрлі сала бойынша дер кезінде шынайы реакция таныта алмады. Әсіресе білім беру саласы мүлде дайын еместігі байқалды. Халықаралық банктың есептеуі бойынша пандемия кесірінен әлемде 72 млн бала он жасқа келгенде әріп танымай, қарапайым тексттерді оқи алмайтын болады. Ал 11 млн оқушы мектепке қайта бармай, күштеп тұрмысқа шығарылады", - дейді Хелен Кларк.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ
"Адырна" ұлттық порталы