Алматыда ұшақ құлады

4106
Adyrna.kz Telegram

Алматы маңында «Нұр-Сұлтан - Алматы» бағыты бойынша ұшып келген ҚР ҰҚК-не тиесілі АН-26 ұшағы құлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен. Қазіргі таңда ұшақтың өрті ауыздықталды.

Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек»,- деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер