Ұлымыз ерге үйленіп, қызымыз қызбен құшақтасса не істейміз?

2244
Adyrna.kz Telegram

Отандық әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова әйелдер өткізген шеруге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әйел адамға әрқашан да қорған керек екенін айтып, кішкентай кездегі оқиғаларға шолу жасады.

"Қой терісін жамылған қасқырдың жемтігі боп қалмайық... Кішкентай кезде бізді біреу ренжітсе ағамызға не әкемізге айтатынбыз. Себебі олардың бізге қорған екенін білдік. Нағашымызға “арқалашы, көтерші” деп еркелей өстік. Себебі еркелете алатынына сендік".

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтынын жеткізіп, ер мен әйел арасындағы келіспеушілік екеуара шешілетін мәселе екенін де туралап айтты.

"Бойжете келе сөз салған сүйіктімізге, “иә” деп, отбасын құруға келісім бердік. Себебі одан болашақ отағасын көрдік. Ал уақыт өте пайда болатын отбасы ішіндегі түсініспеушілік ер мен әйелдің екеуара мәселесі-мәмілесі еді. Екеуінің ықтиярлығымен бір шешімге келетін тек екеудің әңгімесі. Ал шеттен шыққан жағдайда заң бар, құқық бар. Үндесе де, үндемесе де - ол да өз таңдауы".

Шеруге шыққан, сол шеруді қолдаған қоғамды түсінбейтінін, түсінгісі де келмейтінін айтып ашынды.

"Кешегі шеруді және сол шеруді қолдаған қоғамдық ой қалыптастырушыларды түсінбедім, түсінбеймін де... Біз қай кезде сырттан қорған іздеп едік?! Бізді қай кезде сырттан кім қорғаған еді?! “Сені қорғаймын” дегенге сеніп, жат идеологияның құрбаны боп кетпейік!

Иә, әйел мазақ болатын емес, мадақ қылатын жан! Иә, әйел қорланатын емес, қорғалатын жан! Бірақ біз шеруге шықпай тұрып досымыз бен дұшпанымызды ажыратуымыз керек. Егер алда-жалда ұлымыз келін емес, ерін әкелсе, қызымыз қыз құшақтап келсе, біз не істейміз-сіз не істейсіз?!"

 

Пікірлер