Үндістанның Махараштра штатында 32 жылдан бері тас жеп келе жатқан қария тұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) тасты алғаш рет 1989 жылы ауылдасының кеңесі бойынша жұтып қойған. Кейуана оны іштің ауырсынуына көмектеседі деп сендірген. Бұл әдістің жұмыс істейтініне көз жеткізгеннен кейін ер адам тастарды диетаның тұрақты бөлігіне айналдыруды шешкен.
Қазір қария 80-де. Жасы үлкен болғанына қарамастан, ол күн сайын шамамен 250 грамм қиыршық тасты жейді.
«Тас жұту – таптырмас ем. Оның күші құрамындағы кальциймен байланысты»,-дейді ол.
«Адырна» ұлттық порталы