Зеленский Саакашвилиді қызметінен босатты

2413
Adyrna.kz Telegram

Михаил Саакашвили украиналық үйлестіру кеңесінің құрамынан шығарылды. Украина президенті Владимир Зеленскийдің жарлығы ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik. Қазақстан сайтына сілтеме жасап

Құжат күшіне енген.

Босаған орынға реформалар жөніндегі атқару комитетінің сарапшысы Георгий Цхакай келді.

Айта кетейік, 2013 жылы Михаил Саакашвили Грузиядан кетіп қалған. Сол кезде оған қатысты төрт қылмыстық іс қозғалған болатын. Оны сырттай соттап, қамауға алуға шешім шығарған.

2015 жылы Саакашвили Украинаға келді. Петр Порошенко оны Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Алайда бір жылдан кейін бұл қызметтен алып тастады. Ал 2017 жылы Украина азаматтығын қайтарып алды.

2019 жылы 28 мамырда осы елдің жаңа президенті Владимир Зеленский Саакашвилиге қайтадан азаматтық беріп, реформалар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы комитетінің басшылығына тағайындады.

Пікірлер