Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр, Төретам, Ақай халқы «Адырна» ұлттық порталына арнайы хабарласып, өздеріне қарасты денсаулық сақтау саласына байланысты жанайқайын жеткізді. Байқоңырлық жұртшылық қалалық аурухананың қызмет көрсету сапасына қапалы. Сонымен қатар осы өңірдің денсаулық сақтау сала мамандарының сорақы әрекеттері де халықты әбден қажытыпты. Төменде байқоңырлық азаматтардың шағым хатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қызылорда облысының әкімі
Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА ханымға,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ мырзаға,
ҚР Денсаулық сақтау министрі
Алексей ЦОЙ мырзаға
Ашық хат
Сізге арнайы БАҚ арқылы жариялап отырған осы ашық жүрекжарды хат-өтінішімнің негізгі себебі, экологиясы нашар, радиациялық аймаққа жататын Байқоныр, Төретам, Ақай халқының денсаулығына байланысты,көңіліме қаяу салған мына ащы жанайқай. Дәлірек айтсам, ол мен тұратын Байқоңыр қалалық аурухананың жағдайын өте мүшкіл хәлге жеткiзген бас дәрiгер Әдiлхан Жандостың өктемшіл-сорақы әрекеті. Экологиялық кесапаттан ауру-науқас болған өңір тұрғындарын бас дәрігердің тәкаппарлық, яғни мемлекеттік қызметтік этикаға жат, жиіркенішті тірлігі мен келеңсіз оқиғалары әбден шаршатты.
Мысалы, ел аузында Әділхан Жолдастың қарапайым медбикені жұмысқа алуы 700000 теңге болса,одан дәрежесі жоғары қызмет құны 1 милионнан астам соманы құрайды деген сөздер халық арасында желдей есіп тұр.
Одан қалса мемлекет бюджетінен қаржыландыратын аурухананың жылыту жүйесіне жұмысшылар мен күзетке қарауылдарды да штаттан тыс жұмысқа қабылдап жатыр, сыбайластық негізде өзінің айтқанынан шықпайтын қызметшілердің жеке банк карталарына келісім бойынша мөлшерден тыс артық ақша жібереді деген де сыбыс бар.Өкінішке қарай жең ұшынан жалғасқан жемқорлық еліміздің әр саласында асқынып тұрған кезде мемлекеттің,яғни халықтың ақшасын оңды-солды шығындауға қаншалықты қажеттілік бар???
Бірақ туысы, атап айтсақ туған балдызы Файзуллаев Нұрлан Әбдібатталұлы аурухананың бас экономист екенін ескерсек мемлекет қаржысын бас дәрігер мен балдызы қалай қатты үнемдейтініне анық көз жеткізуге болады...
Бассыздық пен жемқорлыққа жол берген мемлекеттік аурухана бас дәрігердің жеке меншiгi ме ? әлде заңды белшесінен басқан,яғни ешкімді пысқырмайтын шенеуніктің артында,өзі сияқты дөкей-көкесі тұр ма деген еріксіз ой бәрімізді ойландырады.
Оған дәлел Әділхан Жандостан өз құлағыммен естіген (айтылған сөз,атылған оқ) мына сөздер еді: «Мен Мақанов Тұрғанбай деген беделді ағама қомақты қаражат беріп облыс әкіміне кіргіздім,сол үшін маған ешкім тиісе алмайды және тісі батпайды».
Меніңше бұл сөз азғана уақытта Қызылорда шаһарында халық жүрегінен сенімді жол тапқан Гүлшара Наушақызына қарсы мораль мен этикаға жат, көпе-көрінеу жала деп ойлаймын. Осы маңызды мәселеге орай мен облыстың денсаулық сақтау басқармасына да арызданғам.Сол кезде сіз басқарма басшысы С.Пазыловқа тікелей тапсырма бергеніңізді естігенде қала тұрғындары ,шынымен де әділдік бар екен деп қуанғанды. Өкінішке орай,қуанышымыз су сепкендей басылды,24 ақпанда өткен облыс коллегиясында аталмыш маңызды мәселе ,кейбір шенеуніктердің саботажының арқасында жабулы қазанның күйінде қалды.
Ауруханадағы коллектив қызметкерлерінің моральдық психологиялық ахуалы мен жемқорлық сын көтермейтiн жағдайдың шарықтау шегіне жеткені соншалық ,керек болса бас дәрiгер Әділхан Жандосты жұмысынан шеттету өз алдына,аталған халық аузындағы фактілер үшін (халық айтса,қалп айтпайды)
қылмыстық жазаға да тартуға болар еді.Тағы бір сорақылық тәкаппар-менменшіл бас дәрігердің медбике,жас мамандар мен дәрігерлердің Әділхан Жолдасқа критикалық бағытта артық ауыз қарсы сөз айтса, жұмыстан шығарам деп жеке бастарына әртүрлі формадағы қорқыту мен қоқан-лоқы ,жиіркенішті тірлігі тіпті шығу болып саналады.
Сондықтан сізден тек өзімнің ауру балам емес, халықтың мұң-мұқтажы мен жанайқайын да назарға алуыңызды өтініп сұраймын!
Мен ауру-науқас ұлыма байланысты,қосымша құжат-дәлелдерімді "АДЫРНА" ұлттық порталының редакция қоржынына арнайы жібердім.
Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды.
Құрметпен арыз иесі:
Галифа ДАРБУЗОВА.
Бұл хатта айтылған мәселеге
қатысты құжаттар қосымша тіркелген.