Анасы мен 4 баласы иіс тиіп қайтыс болды

3763
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: 1980 жылғы анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балаларға иіс тиіп қайтыс болған.

Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.

Оқиға орнына Өмірзақ Шөкеев, Полиция Департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайевтің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер