Ақтау қаласының 3 шағын ауданындағы тұрғын үйде өрт шығып, төрт бала құтқарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт кеше, 26 ақпанда 3-шағын аудандағы №8 көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде болған. Өрт сөндіру бөліміне қоңырау сағат 10.30-да түскен.
«Өрт сағат 10.51-де өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады, оның төртеуі балалар», – делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы