Қазақстан бірқатар елдерге гуманитарлық көмек берді

2403
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустық індетпен бірлескен күрес мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі (АӨСШК) қазақстандық төрағалық аясында гуманитарлық көмекті Ауғанстан, Ирак және Палестинаға табыстаудың ресми рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмектің демеушісі «HALYK» қайырымдылық қоры болды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен салтанатқа Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, «HALYK» Қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев, Палестина Елшісі Мунтасер Абу Зейд, Ауғанстанның Уақытша сенімді өкілі Азизула Омар және Ирактың Уақытша сенімді өкілі Мохаммед Мохсин қатысты.

Рәсім барысында Ш.Нұрышев АӨСШК-тің «Эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика» жаңа сенім шарасы аясында Қазақстан достық мемлекеттерге гуманитарлық көмек бөлуде, бұл халықаралық қоғамдастықта өзара қолдаудың ерекше қажеттілігін көрсететінін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер