Түркістан облысы Арыс қаласының № 4 мектебінің 11 сынып оқушылары арасында төбелес болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Редакциямызға арнайы хабарласқан Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны шұғыл ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, әлдебір марапаттау рәсімі кезінде берілген сыйлыққа разы болмаған адамдар залдың ішінде төбелес шығарып, ол төбелестің ақыры сыртта жалғасқан. Сырттағы төбелеске араласқан омондардың өзі төбелесушілерді тоқтата алмаған.
Белгілі болғандай, іс-шара Арыс қалалық мәдениет үйінде өткен.
«11 сынып оқушылары арасында "Жас сарбаз-2021" әскери дайындық бойынша мектепаралық конкурс өткізу фактісі анықталды. Байқауды ұйымдастырушылар Арыс қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына алдағы іс - шара туралы хабарлағаман", - деп мәлімдеді комитет.
Айта кетейік, карантин режимін бұзғаны үшін мәдениет үйінің директорына 230 230 АЕК көлімінде айыппұл салынды.
«Адырна» ұлттық порталы