Алматыда қыздар арасындағы жантүршігерлік төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Оқиға «Азия Парк» сауда орталығының маңында болғаны хабарланды.
Кадрда ер адамның жас қыздарды ажыратпақ болғанын көруге болады. Ұрыс-керіс салдарынан олардың бірі аяқ киімін жоғалтып алған.
Жанжал қалай аяқталғаны айтылмайды.
Қазір полицейлер төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтау үстінде.
«Оқиғаның мән-жайы мен қатысушыларына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.