Шымкентте заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам ұсталды

1711
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында заңсыз миссионерлікпен айналысқан адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 «Интернет және әлеуметтік желіге монторинг жүргізу барысында YouTube бейне хостингінде жергілікті тұрғын теріс діни ағымды насихаттайтын бейнеролик жариялап, Тelegram мессенджерінде құрған топ мүшелерінің арасында насихаттау жұмысын жүргізген», делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағымен (миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру) әкімшілік іс-құжат жинақтап, сотқа жолдады. Шымкент қаласы Әкімшілік соты аталған азаматтың заңсыз іс-әрекетіне қатысты әкімшілік шара ретінде 100 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Пікірлер