30 жыл бойы ұлттық болмысқа жат діни таным дәріптеліп келеді

5271
Adyrna.kz Telegram
Ихсан деген не?
Ихсан – атаңның басына барып фотоға түсу емес. Ихсан Хәкім Абайдың өлеңін тақпақ қылып оқып беру емес. Әсілі:
Қазақ дүниетанымында "Ихсан" деген түсінік жоқ. "Сопылық" деген ұғым ғана бар. Сондықтан халықтың діни дүниетанымын шатастырмай сопылық ілімі, тариқат ілімі деп анығын айту керек.
Ал қазақ даласында Ислам ихсан ілімінің (сопылық) екі мектебі арқылы жетіп, тамыр жайған. Ол Қожа Ахмет Яссауи мен Бахауаддин Нақшбандия жолы. Бұл кешегі Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата сияқты мыңдаған әулиелер ұстанған хақ жол. Осыны ашық айтуға не кедергі? Кімнен ұяламыз? Кімнен қысыламыз?
Қазақ даласындағы дәстүрлі діни мектеп деген осы "Ихсан ілімі". Ал Ихсан деген – Тасаввуф, Тасаввуф деген – Тариқат, Тариқат деген – ата-бабаларымыз ұстанған сопылық жол.
Сопылық ілімі ислам діннің өзегі. Өйткені діннің руханияты.  Не болдық?  Діннің өзегіне бойламаған топас дінді 30 жыл тықпаладық. Масқара болдық...
Кешегі абыз атамыз Төртқұлақ әулие:
Ақиқатты аңыз етсең,
Әруақ сені доңыз етер.
Ақиқатты нұр етсең,
Әруақ сені пір етер, деп сойып салған. Ал енді қайда барасың?
Аруақ десе өре түрегелетін дімкәс жамағаттың қалыптасуы ихсанның жоқтығынан, ата баба жолын тәрк еткеннен қалыптасты. Бұл үрдіс түбі жақсылыққа апармайды.
Әсет БЕКТҰР,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер