Зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысыңызға беруге бола ма?

2316
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтарға зейнетақы қаражатының бір бөлігін жақын туыстарының еміне беруге рұқсат етіледі. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ережеге сәйкес, зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына тағайындауға жол беріледі. Шын мәнінде, бұл тұрғын үй ережелерінде көрсетілгендей, жақын туыстардың тізімі. Ата-анасы, баласы, асырап алушылары, туған әпкесі мен ағасы, туысқан әпкесі мен ағасы, атасы, апасы, немересі, – деді Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпаннан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін халық ем-дом шараларына пайдалануға өтініш бере алады.

Медициналық қызметтердің тізімі:
- орфондық аурулар емі;
- стоматологиялық қызметтер – протездеу, имплантациялау;
- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзету мақсатында қалпына келтіру отасы (пластикалық), сонымен қатар мастэктомиядан кейін;
- радионуклидті және радиоиодты терапия;
- радиохирургиялық емдеу;
- сәулелендіру (протонды) терапия;
- офтальмологиялық қызметтер.

Сондай-ақ, бұл тізімге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметі де жатады.

Пікірлер