Ұлтымызға қызмет етіп жатқан Илон Маскке рахмет!

5848
Adyrna.kz Telegram

Маск жобаларының ішіндегі ең мықтыларының бірі - Starlink. Жалпы саны 12 мыңға жуық, әрбірі 227кг тартатын спутникті ғарышқа шығарады. Ғарыштың 3 деңгейінде орналастырып, жердегі "SpaceX" компаниясының роутерлеріне секундына 1 гб жылдамдықтағы интернет беріледі. Қазіргі қолданыстағы интернетке қарағанда бұл өте жылдам болмақ.

Ең қызығы, жоба іске асса әлемде интернет ұстамайтын жер қалмайды. Тау, сай, мұхит, арал мен ауыл демей, Илон Масктің интернетін қолдана аласыз. Біздің ауылдарға жетпей жатқан қазақ ұлтының интернет мәселесін Илон Маск шешіп беремін дейді.

Интернет нарығынан келіп түскен қаржы миллиардтаған табыс әкеледі. Дұрыс. Еңбегінің жемісі. Мәселенің екінші жағы да бар. Әлгі қаржыны Илон Маск Марсқа адам жіберу үшін технология жасауда пайдаланады. Егер Starlink сәтті іске асса, бұл спутниктер Марсқа да интернет тарату мақсатында, екі планета арасында байланыс орнатуда қолданылады.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер