Бердібек Сапарбаев 5 баланың өліміне қатысты пікір білдірді

3969
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласында орын алған бес баланың өліміне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға туралы әкім Instagram және Facebook әлеуметтік желісінде жазды. Марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Аймақ басшысы Б. Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алып, мән-жайды анықтайтындығын тілге тиек етті.

«Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н.Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды. Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын!», – делінген әкімнің жазбасында.

Пікірлер