Зейнетақы жинағының бір бөлігіне автокөлік сатып алу ұсынылды

2198
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы LS ақпаратына сілтеме жасап. 

Смағұловтың айтуы бойынша, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысқа қолдау көрсетуін сұраған. ИИДМ өз кезегінде бұл ұсынысты қарастыру үшін оны ұлттық экономика министрлігіне жолдапты.

"БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған, немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы жаңа көлік.

Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да автокомпаниялар да қолдауы керек", – деген екен Смағұлов.

Пікірлер