Қазақ кіндігін қашан жоғалтты?

3964
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың басын біріктіріп, рулық, жерлестік деңгейінен көтеріп біртұтас етіп жіберетін жақсылардың өлімі ғана екен ғой. Ал қалған кезде КазГУ-дің сатылған жері Серік Аббас-шахқа

ғана керек, Мұхтар Жәкішевті қазақша білмеді деп жерден алып жерге саламыз. Жалпы, жақсылардың тірі кезінде итше талаймыз, мысықтілеуміз. Нағыз дарындарды елеп-ескермейміз. Іштарлық басым. Бір жағынан, шәуілдеп-мияулайтынымыз да, сатылған жерге қыңқ етпейтініміз де түсінікті, 70 жыл кеңестік кезең мен 30 жыл тәуелсіз елдің қазақтары кіндігін іздемеді. Бір қарасаң тырнақтай тері ғой, бірақ кіндіктің құдіреті - жерге көмілгенінде болатын.

Кіндігі жерден тұтас бір ғасыр бойы ажырап қалған қазаққа жері сатылмақ тұр ғой адамы атылып жатса да бәрібір, жерге көмілмеген сол кіндікті ит пен мысық жеген соң да итше ырылдасамыз, мысықша мияулаймыз-ай келіп! Қазақ өзіне оралуы керек, алдымен сәлеміңді түзе дегенді ұғатын, ұққан қазақтар барда бәрі орнына келер, түзелер. Қазақтың басы бірігуі үшін жақсылар өле бермесінші тек. Бір уыс қазақ өле бермесінші!

Пікірлер