Біздің билік ашаршылықты «саясиландырудан» неге қорқады?

5430
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында  «Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн» деп атап көрсеткені белгілі. Алайда қазір ашаршылық жайлы ашық әңгіме айтылып, мәселенің анық-қанығына нақты баға беріліп жатыр ма?

Мысалы, бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ашаршылыққа байланысты өткен жиында «Аштықты белгілі бір ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейтін шығар. Бұлең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары. Сондықтан, ашаршылықты тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, бұл тақырыпты саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал,-деді.

Алайда Сенат төрағасының бұл пікірі әлеуметттік желіде қарсылық тудырды. Бірқатар журналистер мен ғалымдар Мәулен Әшімбаевтың пікірімен мүлдем келіспейтінін айтты. Ал Сенат төрағасы сөзінің астарында не жатыр? Біздің билік ашаршылық тақырыбының саясилануынан неге қорқады? Біз осыған байланысты әлеуметтік желіде жарияланған пікірлерді сол күйінде беруге тырыстық. Пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Ендеше, бәрін електен өткізіп, өзіңіз таразылаңыз.

Мұхтар Тайжан: Ашаршылық - қазақ ұлтына арнайы жасалған қастандық

Мәулен Әшімбаев замандасым жақсы жігіт, ал бірақ мен онымен мүлдем келіспеймін.Ашаршылық - қазақ ұлтына арнайы жасалған қастандық, қолдан ұйымдастырылған геноцид деп білем. Холокост, голодомор секілді.

Егер біздің буынымыз 20-ғасырдағы ұлттың ұлы қасіретіне ресми бағасын беруге батылдығы  жетпейтін болса, онда миллиондаған құрбан болған әруақтарымызды алдық та сатып жібердік деп айтуға болады.

Өз басым 1920-1930-жылдары нақақтан нақақ қаза тапқан әруақтарды ешқашан сатпаймын және ұмытпаймын. Және де билікте отырған замандастарымды да соған шақырамын.

Ашаршылық ол сөзсіз қазақ ұлтына қарсы әдейіжасалған қастандық және нағыз геноцид. Мұны біз нақты айтуға міндеттіміз.

Серік Жолдасбай: Ашаршылық тақырыбы халықты алдарқату үшін керек

Осыдан 3-4 жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінің Астанадағы редакциясында бір жиын өтті. Сонда Мырзатай Жолдасбеков «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халық тым саясиланып кетті. Халықтың көңіл күйін аулау үшін той-думан өткізуді жиілеттік» деп айтқаны есімде қалыпты.

Осы сөзден кейін маған «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастап, әл Фарабидің - 1150, Абай Құнанбайұлының -175 жылдығы секілді іс-шаралар халықты алдарқату үшін ұйымдастырылатын секілді. Енді билік халықты алдарқату үшін ашаршылықты біраз уақыт алаулатып, жалаулатады. Бірақ ешқашан бас жаққа барыспайды. Яғни, ашаршылықты геноцид деп дәлелдеп, Кремльге қарсы саясат жүргізбейді. Өйткені саяси элита Путиннің қолдап, қуаттауының арқасында билікте тұр.

Мәулен Әшімбаевтың «Ашаршылықты саясиландырмайық» дегені сондықтан. Биыл ашаршылықты айтып халықты алдарқата тұрады. Келер жылы тағы бір ерекше бір «оқиғаны» ойлап табады.

Марат Бутеев: Қазақ тілін айтсаң, оны да «саясиландырма» дейді

Орыс отаршылығы туралы жұмған аузыңды ашпа, естіп қояды. Саясиландырма дейді;

Тың игеру деген - шын мәнінде, қазақ жерінотарлау десең, билік шоршып түседі. Саясиландырма дейді;

Мемлекет тілі - қазақ тілін айтсаң, оны да "саясиландырма" дейді;

Қазақ жерінде бұрын мүлдем болмаған, кеңес кезінде коммунистік-фашистік режим қазақты тұқырту үшін әкелген келімсек этникалық топтардан құралған Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы және оның қазақ еліне зиянын тағы айтуға болмайды. Саясиландырма дейді;

Қазақстанның байлығы шетел олигархтары мен жергілікті компрадор билік кесірінен тоналыпжатыр десең, сен жаусың. Саясиландырма дейді;

Қытайдың болжамды экспанциясы туралы айту - көршіні ренжіту... Саясиландырма дейді;

Бұл - қазақ еліндегі мыңдаған түйткілді мәселеніқарамау, ондай проблема жоқ деп халықтыиландыру мақсатында ғана өзекті мәселені"саясиландыру" деген қитұрқылықпен елдің аузынақақпақ қойып, жақ аштырмау.

Тіпті "саясиландырма" тақырыбын ойлаптауыпты...

Асхат Қасенғали: Ашаршылыққа саяси бағаны біздің буын береді

Қолдан жасалған ашаршылыққа саяси баға беріледі. Аға буын беруі мүмкін, егер олар бере алмаса онда біздің буын береді. Біздің қолымыздан келмесе, онда біздің балаларымыз береді. Қалай болғанда да түбі саяси және тарихи әділ бағасын алады. Халықаралық қауымдастық пен әлемжұртшылығы Украинадағы голодоморды қалайбілсе, біздің де қайғы-қасіретімізді солай білетінболады. Мүмкін пафос ретінде естілетін шығар, бірақ мен сол күннің келеріне сенемін.

Біз бұл сұмдық қасіретке саяси, тарихи әділбағасын беру арқылы қандай да бір ұлтты, ұлыстыжазғыру, айыптау үшін жасамаймыз. Өйткенікеңестік биліктің зияны тимеген ұлт, халық, дінболған емес. Саяси-тарихи әділ баға беру арқылысай-салада, тау мен далада сүйегі шашылып, мүрдесі тау болып үйілген қазақтың жаны жай табу үшін жасалатын дүние.

Талас Омарбек, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Билік ашаршылыққа саяси сипат берсе, жағдай ушығып кетуі мүмкін

Бәрін Кеңес Одағынан кейін де мұрагер болып отырған Ресей тарихымен байланыстырамыз. Өйткені, ашаршылық бізде ғана емес, Ресейде, Солтүстік Кавказда болған. Оның үстіне Украина тарихшылары да зерттеп, Ресейге кінә артып, геноцид деп бағамдады. «Геноцидке жауапты Мәскеу» деп айтып, халықаралық деңгейде мәселе көтерілді. Билік «ашаршылыққа саяси сипат беріп, оған Мәскеу кінәлі» деп айтса, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Біздің билік «саясатқа жібермеңдер, ғылыми тұрғыда зерттеңдер» деп пәрмен беріп отыр. Шын мәнінде, мұны Ресей емес, Кеңес Одағының қате реформасы деп білеміз. Реформа кезінде қазақ халқының ұлттық мүддесі ескерілмеген. Шынында да тарихшылар жан-жақты зерттеп алуы тиіс. Кейін мемлекеттік комиссия бір қорытынды жасауы керек. Ұзақ жұмыс. Өйткені бізде 30 жыл бойы ашаршылық, 1929-1931 жылдардағы көтерілістер мен Алашорда тақырыбынан қашты. Себебі бізге алдымен тәуелсіз мемлекет құрып алу керек болды. Сол себепті көтерілісті, Алашорданың баламасы көзқарасын насихаттау биліктегі шенеуніктердің кейбіріне ұнамады. Жаңа құрылған Қазақстан тәуелсіз, тұрақты мемлекет болуы, қалыптасуы керек болды деп түсінеміз. Меніңше билікте отырғандар жалтақтап отырған жоқ. Тек ғылыми тұрғыда жете зерттелмеген. Сондықтан биліктегі азаматтар тарихты жақсы білмейді, тарихшылар да терең бойламаған. Құжаттар жабық болды, әлі де құпия сақталып келеді. Зерттеу кенжелеп қалғаны рас. Қаржыландыру жұмысы ақсады. Ғылымға қаржы бөлінуі тиіс. Күні бүгінге дейін ашаршылық, 1929-1931 жылдар арасындағы көтерілістер тақырыбы бірде бір ғылыми жоба болмады. Ғылыми дәлел жоқ болса, биліктен қалай талап етеміз?!. 

Еркін ҚАЛДАН, «Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер