Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық сатылмайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сілтеме жасап.
«Кейбір алыпсатарлар таңертеңгі уақытта барлық нан өнімдерін сатып алған. Ары қарай үстіне ақша қосып сату үшін осылай істейді. Десек те, «Ақсай» нан зауыты» ЖШС әлеуметтік бөлкенің санын азайтқан жоқ. Зауыт қала дүкендерін нанмен толық қамтамасыз етіп отыр», - делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы