Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы 45 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеп.
Ресми хабарламада жер телімін сатып алу үшін қызметкердің 45 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталып отыр:
«Жер телімін сатып алу үшін 45 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін әрекетке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары. Соттың санкциясымен қамауға алынды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
“Бармақ басты, көз қысты” әрекетіне жол бергендер қазір тергеліп жатыр. Белгілі болғандай басқарма қызметкерлері мемлекет мұқтажы үшін өтелуге жататын сегіз жер телімінің құнын негізсіз асырып жіберген.