Қытайдың аз ұлттарға қатысты қысымы сипатталатын «Геноцид» деп аталатын фильм түсірілмек. Идея авторы Тұрарбек Құсайынов фильмнің мақсаты Қытай коммунистік партиясының аз ұлттарға, оның ішінде қазақ, ұйғыр, қырғыз халқына жүргізген қанқұйлы саясатын бүкіл әлемге көрсету дейді. Ол сол арқылы «Батысты игеру» деген желеумен Шыңжаңдағы саны аз жергілікті ұлттарға жүргізген қуғын-сүргін саясатының түпкі мақсатын ашу, яғни бұрынғы Шығыс Түркістан республикасын құртып қана қоймай, жерін түгел босатуды көздеген қызыл үкіметтің қанқұйлы саясатын бүкіл әлемге жеткізгісі келеді.
"Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік жобасының түпкі негізін көрсеткім келеді. Бұл да Қытайдың сан мың жылға құрған мәңгілік жоспары. «Бір белдеу – бір жол» саясаты – Қытай коммунистік жүйесінің Орталық Азияны жаулап, одан ары Еуропаға қанат жаю деген ойынан туған жоспары" дейді Т. Құсайынов.
Фильмге Қытайдың саяси лагерлерінде отырған, жазасын өтеп, тұтқынды қинап-қыстаудың барлық түрін басынан кешкен нақты кейіпкерлер тартылмақ. Олардың арасында аты қоғамдық ортаға белгілі болған азаматтар мен азаматшалар да бар. Кейбіреулері Қазақстанда, Қырғызстанда, т.б. мемлекеттерде бас сауғалап жүр. Түркия мен Еуропа асып кеткендері де бар. Фильм сол адамдардың берген сұхбаты негізінде өрбиді. Түсірілім тобы сұхбат алу үшін Қырғызстанға, Түркия мен Европаға баруды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, фильмге коммунистік Қытайдың саясатын жақсы білетін сарапшылар мен қытайтанушылар, саясаттанушылардан сұхбат алынады деп күтілуде.
"Құрметті Отандастар!
Қазақ, ұйғыр, тибет т.б. халықтарға геноцид пен этноцид жасаушы Қытай коммунистерінің зұлым саясатын әлем қауымдастығына мейлінше әшкерелейтін бұл деректі-көркем фильмге қаржылай көмек беріп, үлес қосам дейтін азаматтарға тек шексіз алғысымды білдіремін" деп тәуелсіз дін зерттеушісі, «Зұлмат. Шығыс Түркістанның күйреуі», «Айдаһардың айласы», «Шырмауық», «Мен қалай рухани жаңғырдым?» кітаптарының авторы Тұрарбек Құсайынов фильмді қаржыландыруға қалталы азаматтардан, мәселеге бей-жай қарамайтын белсенді азаматтардан көмек сұрайды.
Реквизиттер:
ИИН: 380910400605
Kaspi Gold :5169493119844515
Нургазиева.Ж.