Жаңа қаулы: қызыл аймақтағы мешіттерде намаз оқуға тыйым салынды

2354
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов "карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы" қаулысына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

Өзгерістер діни нысандарға байланысты боп отыр. Коронавирус індетінің қай аймақта қатты күшеюіне қарай белгілі шектеулер де енгізілмек.

"Қызыл" және "сары" аймақтағы діни нысандарда адам жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. "Жасыл" аймақтағы мешіттерге бес намазға рұқсат етіледі. Мешіт сыйымдылығының 30 процентінен және адам саны 100-ден аспауы тиіс", - делінген қаулыда.

Жұма намаз тек ауыл мешіттерінде ғана өтеді. Келушілер саны ғимарат сыйымдылығының 25 процентінен көп болмауы керек.

Каулыда елге келушілерге байланысты шектеу шаралары да қамтылған.

Шекара кесіп өту кезінде адамдар берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама ұсынуға міндетті.

Кімдер үшін міндетті емес:

5 жасқа дейінгі балалар (оларды ертіп жүретін адамдарда теріс нәтижесі бар анықтама болса);

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары;
авиакомпаниялар экипажы.

Қаулының толық нұсқасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтынан оқи аласыз.

"Адырна"ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер