Депутаттарды қайта оқытуға 647 миллион теңге бөлінеді

9083
Adyrna.kz Telegram

Мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру үшін бюджеттен 647 млн теңге бөлінетін болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Мәжіліс отырысында айтты. Ол «бюджет есебінен мәслихат депутаттарын даярлау, қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру» қарастырылатынын хабарлады.

Заң жобасы «аймақтық, қалалық және ауылдық басқару деңгейінде тәуелсіздік пен жауапкершілікті кеңейту» мәселелері бойынша түзетулерді реттемек.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министр жасаған баяндаманың түсініксіз екенін атап өтті.

«Қайта даярлау дегеніміз не? Сіз диплом бермекшісіз бе? Ақша бекітілді. 647 миллион? Не үшін "қайта даярлау нормасы" тағайындалды? Бұл нені білдіреді? Жастар бір жылда 5-6 диплом алғанды жақсы көреді. Өздері не істегенін түсінбей отыр»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер