Экс-президент әйелімен бірге елінен кетті

4335
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков жұбайы Айгүлмен бірге Қырғызстаннан кетті. Бұл туралы бұрыңғы президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева Sputnik Қырғызстанға мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жээнбеков 1 ақпанда "Манас" әуежайынан Түркияға ұшып кетті. Содан кейін ол Джидда (Сауд Арабиясы) қаласына кіші қажылыққа барады.

Жээнбеков 2020 жылдың қарашасынан бастап қажылыққа баруды жоспарлаған, бірақ коронавирус індеті байланысты бұл жоспары орындалмай келген.

"Пандемияға байланысты қажылыққа бару мүмкін болмады және Сауд Арабиясының ресми келісімі қажет болды. Ал ол тарап ақпанның басында келісім берді. Кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа созылады, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралады", - деді Стамалиева.

 

Пікірлер